Untitled Document

Сұхбат... Тазалық - иманнан

Ислам діні – тазалықты, таза болуды әмір етеді. Хадис шәрифте: «Тазалық иманнан» делінген. Исламда таза болудың маңызы орасан зор. Сахабалардан кейінгі табиин деп аталған мұсылмандардың кейбіреулері сахабаларға: “Аллаһу та’ала Құран кәрімде сіздерді жақсы көретінін білдіріп, мақтаған. Мұның себебі неде?”- деп сұрағанда олар: “Біз тазалыққа қатты мән беретін едік”- деп жауап берген. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

"Мұсылмандық тазалық діні. Таза болуға тырысыңдар! Жаннатқа тек таза болғандар кіреді". (Дәйләми)

"Мұсылман кір болмайды". (Бұхари)

"Барлық нәрсені жақсылап тазартыңдар! Өйткені тазалық иманға, иман да Жаннатқа жетелейді". (Табарани)

"Ыдыс-табақтарды жуу, үйді таза ұстау байлыққа себеп болады". (Хатиб)

"Намаздың кілті - тазалықта". (Тирмизи)

"Ауыздарыңды тазалаңдар, өйткені ауыздарың Құранның жолы". (Әбу Нуайм) \

"Тамақтан бұрын және кейін қол жуу байлыққа жол ашады және кедейлікті кетіреді". (Әбушшәйһ)

"Тырнақтарыңды алып көміңдер! Ауыздарыңдағы ас қалдықтарын тазалаңдар және мисуак қолданыңдар! Иісті ауызбен тістерің сарғайған күйде алдыма келмеңдер!" (Табарани)