Сұхбат... Насихаттар
Досқа да, дұшпанға да жылы жүзді және жылы сөзді бол!
- Көп те жеме, аз да жеме! Тамақта бірқалыпты бол!
- Кедейлерге және бүкіл дін бауырларыңа қызмет ет!
- Аллаһу та’аладан үмітіңді үзбе және ешқашан қамықпа!
- Күнә істеген кезде дереу тәубе және истиғфар ет!
- Ғалымның жанында және сұхбатында әдепті бол!
- Пайдасыз және зиянды болған нәрселермен уақыт өткізбе!
- Қиын кезде де, молшылық кезінде де еш өзгерме!
- Бүкіл жасаған ғибадаттарыңда кемшілік бар деп біл!
- Аллаһу та’аладан басқа ешкімге сенім артпа!
- Ғаріп жандарды, кедейлерді және ауруларды зиярат ет!
- Кедейлерге, мүжахидтерге мал-мүлікпен көмектес!
- Кедейліктен қорқып, сараңдық етпе!
- Байлық және кедейлік, халіңді өзгертепесін!
- Әрбір кешірім сұраған адамның кешірімін қабыл ет!
- Ешкімді ғайбат етпе, жамандама!
- Ешбір парызды қалдырма және кешіктірме!
- Барлық істің нәтижесін Аллаһу та’лаға тапсыр!
- Әрбір істі ықыласпен және жақсы ниетпен жаса!
- Күнә істеуден қатты қорық!
- Аз сөйле, аз ұйықта және аз күл!
- Сүннетке мойынсұнуға және бидғаттардан сақтануға талпын!
- Әмри маруф және нәхи мүнкарды тоқтатпа!
- Ешкіммен ешқашан сөз таластырма!
- Үнемі өзіңді ойлама!