Сұхбат... Күнәнің ең жаманы зұлымдық жасау
Пайғамбарымыз хадис шәрифінде былай деген: «Мына үш нәрсені істегендер күнә істеген болады. Екі топтың арасына іріткі салып, фитна шығарғандар; ата-анасына қарсы шыққандар; залымдармен дос болып, олардың зұлымдығына көмектескендер.» және «Аллаһу та'ала былай деген: “Мен күллі әлемнің Раббысымын. Иззет (құдірет) және Жалал (ұлылық, қаһарлық) сипатыммен ант етемін, Мен залымдардан кек аламын. Бір адам залымның қолында зұлымдық көріп жатқан мазлұмды көріп, бұған кедергі болуға күші жете тұра мазлұмға көмектеспесе, ол адамнан кек аламын” деген».
Мұхаммед Хадими хазреттері былай деген: “Күнәнің ең жаманы – зұлымдық жасау. Өйткені ол ашық түрде жасалуда және құл ақысы тапталуда. Али-Имран сүресінің елу жетінші және жүз қырқыншы аяттарында: «Аллаһу та'ала залымдарды жақсы көрмейді» делінген.
Имам Тақи хазреттері: “Зұлымдық еткен адамға, залымға көмектескен және зұлымдыққа разы болған адам, бұл зұлымдыққа ортақ болады.” деген. Ибн Уәфа хазіреттері де: “Бір залымға көңілімен бейімделген адамды фитна оты қоршайды. Мұндай адам тек Аллаһу та'аланың жәрдемімен ғана құтыла алады.” деген.
Аллаһу та'ала залымға уақыт береді, бірақ ұмыт қалдырмайды, яғни жазасын міндетті түрде береді. Залымға көмектескен адам да жазасыз қалмайды. Өйткені хадис шәрифте: «Бір залымға көмектескен адамның басына Аллаһу та'ала сол залымды бәле қылып қояды.» делінген.
Ешкімнің істегені сұраусыз, есепсіз қалмайды. Өйткені Зилзал сүресінің жетінші және сегізінші аяттарында: «Кім зередей жақсылық жасаса оның марапатын көреді, ал кім зередей жамандық жасаса оның жазасын тартады» делінген.