Бұл қызық... Жануарлар әлемі
· Құмайлар жейтін азығын 1500 метр биіктіктен анықтай алады.
· Бүркіт 700 метр биіктіктен тышқанды көре алады.
· Құмырсқалардың әрбір көздерінде 50, шыбындікінде 4000, ал инеліктің көзінде 50000 бірлік бар.
· Қолтырауын су астында дем алмастан 4-5 сағат тұра алады.
· Акулалар жейтін қоректілерінің қозғалысын 100 м қашықтықтан сезеді.
· Арқан балықтар (лосось) көбеюлері үшін 100 км қашықтыққа кетеді.
· Құстардың ішіндегі ең үлкен жұмыртқа – түйеқұс жұмыртқасы. Салмағы 1,5 кг.
· Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
· Ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
· Kейбір қарлығаштар ұшып жүріп ұйықтайды екен.
· Төрт тізесі бар жалғыз аң – піл.
· Бегемоттар су астында туады.
· Шегірткенің қаны ақ түсті.
· Шегірткелердің құлағы алдыңғы аяқтарында.
· Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін, тілінде орналасқан.
· Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
· Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат.
· Зебра – қара жолақтары бар ақ аң.
· Бассыз таракан тоғыз күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі.
· Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.
· Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
· Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
· Аю сағатына 48 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады.
· Пингвиндер 1,5 м биіктікке секіре алады.