Тарихи тұлға... Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835, Түркістан облысы, қазіргі Отырар ауданы Қожатоғай ауылы – 1898, Бөген ауданы Бадам ауылы) — халық ақыны. Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. Майлықожаның әдебиет мұрасын мазмұнына қарай былайша топтастыруға болады: адамның бойындағы адамгершілік, ізгілік сынды жақсы, жаман қасиеттерді жырлау; дүниенің өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі туралы; адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу; еңбек туралы т.б.
Ақынның бір топ өлеңі Түркістан семинариясының оқытушысы Я.Я. Лютштің құрастыруымен Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа ауыз әдебиетін жақсы білген. Ол фольклоршы Ә.Диваевқа мол материал берген. Біраз өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Айтыс» атты 2 томдық кітапқа (1988) айтыстары енген. Өлеңдері ислам қағидаларын насихаттайтын және Ресей бодандығына қарсы болған соң Кеңестік дәуірде зерттелмеді.
«19-ғасырдағы қазақ ақындары», «Айтыстар» жыйнақтарында ішінара ақынның өлеңдері беріліп келді. 1972-жылы ғалым Ә. Оспанұлының ерен еңбегінің арқасында «Нақыл» деген алақандай жыйнағы жарық көрді. Ел егемендік алған соң 1993-жылы ақынның Ә. Оспанұлының қолынан: «Дүние-ай», «Нақылият», «Өсиет», «Қара сөздер», «Әмір Әмзе», «Әбділла бала» атты кітаптары, 2005-жылы 860-беттік «Майлықожа атты жыйнақ шықты. 1898-жылы Бадам станциясынан сәл жоғары Қара бастау деген жерде дүниеден өткен. Қабыры сол жерде «Мәлім мола» қабірстанында.