Жалғасы... Пробиотиктер (2)
Тұздалған өнімдер. Тұздалған қиярлар мен қызанақтар, сондай-ақ суланған алмалар – пробиотиктердің керемет қайнары. Тұз және су ерітіндісінде олар сүт қышқылды бактерияларын бөледі. Ескерте кететін жайт — тұздықта сірке суы болмау керек, өйткені ол микроорганизмдерді, оның ішінде пайдалы микроорганизмдерді жояды. Тұздалған өнімдерге консервіленген зәйтүн түрлерін де жатқызуға болады: олар да пробиотиктерге бай және микрофлораны қалпына келтіруге, денеден шлактар мен уыттарды шығаруға тамаша көмектеседі.
Қышқыл сүт өнімдері. Бір стақан айран, йогурт, қатық немесе кілегей қосып ұйытылған айран, кішкене сүзбе немесе бір тілім ірімшік — бұл тек дәмді және құнарлы тағам ғана емес, сонымен қатар ағзаны пробиотиктермен қамтамасыз етудің жақсы тәсілі. Сонымен, айранның құрмында оннан астам пайдалы бактериялардың түрі, сондай-ақ антибактериалды және зеңге қарсы қасиеттері бар заттар бар.
Шай саңырауқұлағы. Шай саңырауқұлағы, немесе комбуча, кеңес заманынан бері бізге таныс, осы өнімнің банкасы әрбір тоңазытқышта дерлік тұратын. Ферменттелген бұл сусынның өте жағымды қышқыл-тәтті дәмі бар, әрі шөлді керемет басады, бірақ ең бастысы — сіздің денеңізді пайдалы бактериялармен қамтамасыз етеді
Күлімдейік.............Қорқақ
Бip күнi 3 қорқақ далада келе жатады. Қараңғы түскен соң демалайық деп, далада қонады. Сонда бірінші қорқақ «мен ортаға жатамын»,- дейді. Сосын екіншісі мен жатамын»,- деп екеуі айқайласып жатады. Сонда үшінші қорқақ батырсынып «Қорықсаңдар біреуің оң жағыма, ал біреуің сол жағыма жатыңдар»,- депті.