Денсаулық... Пробиотиктер (1)
Адам ағзасында миллиардтаған бактериялар бар, олардың бірі зиянды болса, енді бірі пайдалы бактериялар. Дәл осы пайдалы бактерияларды латын тілінен аудрғанда пробиотиктер (pro bio) «өмір үшін» деген мағынаны білдіреді екен.
Біздің ағзамыз үшін пробиотиктердің жұмысы өте маңызды: олар ас қорытуды жақсартады, дисбактериозды болдырмайды, патогенді микрофлораның көбеюіне және қауіпті аурулардың дамуына кедергі жасайды, салмақ тастауға көмектеседі, иммунитетті нығайтады, энергия деңгейін арттырады, токсиндер мен канцерогенді шығарады, қартаюды баяулатады және антибиотиктердің теріс әсерін бейтараптандырады.
Бүгінгі таңда құрамында пробиотиктері бар түрлі препараттарды сатып алуға болады. Бірақ дәріханаға баруға асықпаңыз: пайдалы бактерияларды қарапайым өнімдерден де оңай алуға болады, ол өнімдердің көпшілігі дәл қазір сіздің тоңазытқышыңызда болуы мүмкін.
Ашытылған қырыққабат. Күнделікті жеп жүрген ашытылған қырыққабат тек дәмді ғана емес, сонымен қатар лейконосток, педиокус және лактобактериялар сияқты пайдалы микроорганизмдердің нағыз қайнар көзі. Сондай-ақ қырыққабаттағы пробиотиктер ішектің төменгі бөлігінде сіңеді, ал жасандылары асқазан сөлінен жойылып кетеді. Сонымен қатар қырыққабаттың құрамында талшықтар, С, В және К дәрумендері, натрий, темір және басқа маңызды микроэлементтер бар. Ең бастысы — өнімнің пастерленбеген болуы керек, себебі пастерленген өнім бактерияларды, соның ішінде пайдалы бактерияларды да жойып жібереді. (Жалғасы ертең...)