Untitled Document

Күннің тарихы... Мәулана Жалалиддин Руми

Хазреті Мәулана Жалалиддин Руми Аллаһу та’аланың әулиелерінің ұлыларынан. 1207 жылы Бәлх қаласында туылып, 1273 жылы 17 желтоқсанда Конья қаласында қайтыс болған. Тегі әкесі тарапынан хазреті Әбу Бәкірден, анасы тарапынан Ибраһим бин Әдхем хазреттерінен келеді. Әкесі Бахауддин Уәләд кемел ғалым және әулие еді. Жас кезінде әкесінен тәлім алып, оның көңіліндегі фәйздарға (нұрларға) қауышады. Әкесімен Хижазға, кейін Шамға, ал ол жерден Коньяға келеді. Алдымен әкесінің халифасы сәйид Бурханеддин Тирмузиден 9 жыл фәйз алды. Тасаууфта үлкен мақамдарға қауышты. Кейін оны Шәмседдин Тәбризи жетілтіреді. Жалалиддин Руми дүмбелек пен ней (сырнай) тарпаған, айналып билемеген. Мұндай нәрселерді кейіннен 15 ғасырларда сауатсыздар ойлап шығарған. Диуанында 30 мың, Мәснәуиінде 47 мың шумақ бар. Мәснәуиін дұшпандардың өзгерте алмайтындай түрде ақындық шеберлікпен жазған.  

Ғибрат...Қабір есігінен қалай кіреді

Мәулана Жалелиддин Руми хазреттері «қуддиса сиррух» адам баласының жағдайын мына мәселемен түсіндіруде: Бір күні ағаштың астында демалып отырған едім, бір құмырсқаға көзім түсті. Өзінен қаншама есе үлкен нан ұсағын сүйреп бара жатқан еді. Құмырсқа біраз жүріп шалшықтарға тап болады. Оның шетінен айналып өтеді. Тағы біраз жүріп наны шөптерге ілініп қалады. Ілініп қалған нанын шығарып алу үшін тартып, тырмысады. Қанша қиналса да нанның да ұсағын тастамайды және тасуға оңай болу үшін ұсақты бөлшектемейді. Осылайша ыстық күнде нанның ұсағын сүйреп, ұзақ жол жүріп. Соңында ұясына жетіп келеді. Бірақ ұясының тесігі кішкентай, ал сүйреп келген наны үлкен еді. Сонша қиналып, ұясының алдына дейін алып келген нан ұсағын ұясына алып кіре алмайды. Нанның шетінен айналып, ары тартып, бері тартып, бірақ еш кіргізе алмайды. Бұл жағдай мені адамның халін ойлауға ынталандырды. Адам өмір бойы жинаған мал-мүлкін, дүниеліктерін кішкентай қабірдің есігінен қалай кіргізе алар екен.