Untitled Document

Күннің уақыттары – ІІ

Екінді (намаздыгер) уақыты:

Асри әууәл: Имам Әбу Юсуф және Имам Мұхаммедтің ижтиһады бойынша екінді намазының кірген уақыты «асри әууәл» деп аталады және әр заттың көленкесі өз бойына теңескенде басталады.

Асри сани: Имам Ағзамның ижтиһады бойынша екінді уақыты әр заттың көленкесі өз бойының екі есесіне теңескенде кіреді және бұл уақыт «асри сани» деп аталады.

Исфирар-и шәмс уақыты: Күн көкжиекке 5 градус жақындағаннан бастап батқанға дейінгі уақыт «исфирар-и шамс уақыты» деп аталады. Аср (екінді) намазының уақыты түс уақыты бітуімен басталып күн батқанға дейін жалғасады. Исфирар-и шәмс уақытында намаз оқу және екіндіні осы кезге дейін кешіктіру харамға жақын мәкрүх болып саналады. Бірақ, сол күнгі екінді намазы оқылмаған болса, осы уақытта болса да міндетті түрде оқу керек.

Иштибак-и нужум уақыты: Күн батып, көкжиек астына 10 градус түскен, яғни жұлдыздар көбейген уақыт «иштибаки нужум уақыты» деп аталады. Намазшамды осы уақыттан кейінге қалдыру мәкрүх болады.

Құптан (Иша) уақыты:

Ишаи әууәл: Күннің батып, көкжиек астына 17 градус түскен кезінде, яғни батыс көкжиектегі қызылдық жоғалған соң басталатын уақыт «ишаи әууәл уақыты» деп аталады.

Құптан намазының уақыты Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің үкімінше осы уақытта басталады және имсак уақытына дейін жалғасады. Орталық Азияда құптан намаздарын дәл осы «Ишаи әууәл» уақытында оқу әдет болған.

Ишаи сани: Күн батқаннан кейін көкжиек астына 19 градус түскен соң, яғни батыс көкжиектегі қызылдықтан кейінгі ағарған жарық жоғалғаннан кейінгі уақыт «ишаи сани уақыты» деп аталады.

Құптан намазының уақыты Имам Ағзамның үкімінше осы уақытта басталады және имсак уақытына дейін созылады. Күнтізбеде құптан уақыттары имам Ағзамның үкіміне сай,  иша-и сани бойынша берілген.

Түркістан Күнтізбесі