Күннің уақыттары - І
Сәһәр (таң сәрі) уақыты: Күн батқаннан бастап, имсак уақытына (таң атқанға) дейінгі уақыттың соңғы алтыдан бірі «сәһәр уақыты» деп аталады. Бұл уақытта оқылған намаз «таһажжуд намазы» деп аталады. Сәһәр уақытында ғибадат жасап, тәубе-истиғфар етіп, дұға ету керек. Бұл уақытта жасалған барлық дұғалар қабыл болады.
Имсак уақыты: Шығыс көкжиекте «фажри садық» деп аталатын таң атудың алғашқы белгісі пайда болуымен басталатын уақытты «имсак уақыты» деп атайды. Ол сәтте күн шығыстағы көкжиектің 19 градус төменіне келген болады. Бұл уақытта Рамазан айында ауыз бекітіледі. Одан 15 минут өткен соң таң намазының уақыты кіреді.
Ишрақ (сәске) уақыты: Күннің көкжиек сызығынан 5 градус көтерілуімен басталатын уақыт «ишрақ уақыты» деп аталады. Бұл уақыт күн шыққаннан кейін шамамен 50-55 минут өткен соң кіреді. Бұл уақыт «дахуа-и суғра» деп те аталады. Күн шыға бастағаннан ишрақ уақытына дейін намаз оқу харамға жақын мәкрүх болып саналады.
Ишрақ уақытында оқылатын нәпіл намаз «ишрақ намазы» (сәске намазы) деп аталады. Ишрақ намазын оқудың пайдасы көп. Ораза айты мен құрбан айтының бірінші күндерінде екі рәкат айт намазы дәл осы уақытта оқылады және бұл еркектерге уәжіп болады.
Духа уақыты: Бір күндік ораза мерзімінің төрттен бірінен кейін басталатын уақыт. Бұл уақытта оқылатын нәпіл намазы «Духа намазы» деп аталады. Бұл намаз кемінде 2 рәкаттық етіп оқылады. Бірақ, қаза намазы бар адам нәпіл намазын оқи алмайды.
Дахуа-и кубра уақыты: Түстен бір сағат бұрынғы уақыт «дахуа-и кубра» уақыты деп аталады. Бұл уақыт бір ораза күнінің жартысы болып саналады.
Рамазан оразасына, нәпіл және уақыты белгілі болған өз қалауымен тұтылған оразаларға ниет етудің ең соңғы уақыты дәл осы уақыт болып табылады. (жалғасы ертең...)