Сұхбат... Бәрі де өтіп кетті
Қабір – дүниедегі өмірдің соңғы тұрағы, ал ахиреттегі өмірдің алғашқы тұрағы. Жәннат пен тозақ өмірі сол жерде басталады. Хазреті Осман (радиаллаһу анһ) қабірді зиярат еткен кезде көз жасын төгіп жылайтын, тіпті мүбәрәк сақалы суланып кететін еді. Қабірде жатқан адам кім болса да бәрібір, көп жылайтын. Мұның себебін көргендер сұраған екен:
- Қабірде жатқан кісі туысыңыз емес, жақыныңыз емес, неліктен қайғырасыз?
- Мен пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тікелей өзінен естідім. «Қабір – не жәннат бақшаларының, не тозақ шұңқырларының бірі!» деді.
Қабірдің жәннат бақшаларынан бола алуы үшін күнәлардан сақтану керек. Фудайл бин Аяз хазреттері: «Аллаһу та'аланы танығаннан кейін Оған қарсы шығатындарға таң қаламын» деген. Қарсы шығу, яғни күнә істеу қолдағы ниғметтердің кетуіне және Аллаһу та'аланың азабының келуіне себеп болады.
Мұхаммед Рабхами (рахимәһумуллаһ) айтқан: «Харамдар үлкен және кіші болып екіге бөлінген болса да, кіші күнәлардан да үлкен күнә сияқты сақтану қажет. Ешбір күнәні кішімсінбеу керек, өйткені Аллаһу та'ала азабын күнәларының ішіне жасырған. Кіші деп мән берілмеген күнә Аллаһу та'аланың алдында үлкен болуы мүмкін».
Қорыта айтқанда, ұмытпауымыз керек болғаны, дүние – қиял, адам әлсіз. Дүниеге миллиардтаған адам келіп, белгілі бір уақыт өмір сүріп, өліп кетті. Олардың кейбірлері бай, кейбірлері кедей. Кейбірлері әдемі, кейбірлері ұсқынсыз. Біреулері залым, біреулері мазлұм (зұлым көрген). Бәрі де өтіп кетті. Олардың бір бөлігі иман келтірген мұсылман еді, қалғандары сенбеген кәпірлер еді. Олардың бәрі жоқ болды, енді қиямет күні тіріледі. Сенбегендер, иман келтірмегендер мәңгі азап шегеді...