Untitled Document

Жалғасы... Смартфондардың көзге зияны (2)

Толедо университетінің ғалымдары төменде жазылған ұсыныстардан басқа, көк түсті жарықтан болатын зиянды азайтатын арнайы қорғаныш тамшыларын жасауға үмітті. Әрине, бұл біраз уақытты алады және барлық мәселені шешетін панацеяны да ойлап табу мүмкін бола қоймас. Бірақ көзді көру қабілетінің ерте нашарлауынан қорғауға болады. Көзге байланысты мәселелер өткен ғасырдың 60-шы жылдары, телевидениенің белсенді дамуы және теледидардың жаппай сатылуы кезінде пайда болды. Ал қазіргі жағдай біз көп уақытымызды сарп ететін смартфондарға байланысты тіпті күрделене түсуде. Көк түсті жарық тек көзге жағымсыз әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар ол тітіркену тудырады, өйткені оның әсерінен ұйқы нашарлап, ағзаның мелатонин гормонын шығару қабілеті төмендейді. Сондықтан, ғалымдар ұйқыға жатар алдында, жарты сағат бұрын смартфонды қолға алмауға және теледидар көрмеуге кеңес береді.

Біздің гаджеттерден тарайтын жарықтан пайда болған зиянның алдын алу оңай: теледидар көрмеу және смартфонға қараңғыда үңілмеу, сондай-ақ күннен қорғайтын көзілдірік кию. Күннің өзі де көк түсті жарық бөледі. Сондықтан күндіздің өзінде көзді қорғау маңызды. Сонымен қатар, смартфонмен өткізетін уақыт мөлшерін азайтуға тырысыңыз. Смартфондағы кейбір функциялар смартфонмен жүргізілген уақытты талдауға және белгілі бір қолданбаларға шектеу қоюға мүмкіндік береді. Өзара іс-қимыл уақытын мониторингілеу бойынша операциялық жүйелердің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланыңыз және адамдармен шынайы қарым-қатынас жасай отырып, таза ауада көп уақыт өткізіңіз.