Untitled Document

Ғибрат... Жиырма жыл өмір

Дауд алейһиссаламның алдына бір-біріне шағымданып екі адам келеді. Дауд алейһиссалам оларды тыңдап, мәселелерін шешіп береді. Олар кетіп бара жатқанда Әзрейіл алейһиссалам келіп:

- Бұл екі адамның біріншісінің ажалына бір апта қалды. Ал екіншісінің өмірі бір апта бұрын біткен еді, бірақ өлмеді,- дейді. Дауд алейһиссалам таң қалып себебін сұрағанда:

- Екіншісінің бір туысы бар еді. Ол бұған араздаған еді. Бұл оған барып көңілін аулап, онымен татуласты. Осыған орай оған Аллаһу та'ала тағы жиырма жыл өмір қосты,- деді.

Зеректік жұмбағы... Қызықты логикалық жұмбақтар

1) Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

2) Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

3) Қай айда 28 күн бар?

4) Суды елекпен қалай тасуға болады?

5) Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?

6) Үйдің ең суық жері?

7) Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?

8) Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?

9) Есікті ашу үшін не қажет?

(Жауаптары ертең...)