Үй үшін... Балық өте пайдалы
Балық – жеңіл қорытылатын азықтардың бірі. Калориясы аз, бірақ витамин, протеин және минералдар тұрғысынан өте бай. Сол себепті балық тамаша тағамдық азықтардың бірі. Балықтың балғын немесе балғын еместігі желбезектерінен байқалады. Балық балғын болса желбезектері қызыл түсті болады. Тұрып қалған болса көздері сөнік, балғын болса жылтырап тұрады.
Жарты лимон суы мен кәдімгі суды араластырып піскен балыққа себілсе, еті тығыздау болып, иісі одан да тамаша болады.
Балық, торлы табада, буда немесе қуырылып пісіріледі. Іші тазаланып, жуылғаннан кейін барып тұзданады да көп күттірмей пісіріледі. Өйткені тұз, балық етінің суын тартып алады және пісер кезде қурғап қалуына себеп болады.
Суға қайнатып пісірер кезде балық қайнап тұрған суға салынса бөлініп кетеді. Сондықтан отын төмендетіп пісірген жақсы.
Балық қуырылатын болса қызып тұрған майға салынады. Май жақсы қызбаған болса балықтың бөлініп кетуіне себеп болуы мүмкін.
Торда пісірілетін балық жақсылап тазаланғаннан кейін, 10 минут лимонды суға салынады.
Үй үшін...Сәбіз
♦ Сәбіз өте пайдалы көкөніс түрі. Құрамында мол мөлшерде А және С витаминдері бар. Көзі ауыратындар көп сәбіз жеуі керек.
♦ Етті тағамдарға дәм беру үшін қолданылады.
♦ Сәбіз пісіріліп, балмен араластырыл желінсе, дауыс қарылуына жақсы әсер етеді.
♦ Сәбіз салаты асқазанды дем алдырады. Әсіресе балаларға жегізу керек.