Untitled Document

Жалғасы... Ең құндылар (2)

 «Ең құнды мүмин – сирек ашуланатын, ашуы тез басылатын адам. Ал ең жаманы – тез ашуланып, ашуы қиын басылатын адам.» (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – ең ақылды болған адам.» (И.Ғазали)

«Ең құнды мүмин – хикметті сөзді үйреніп, басқаларға үйрететін адам.» (Ибн Асакир)

«Ең құнды садақа – ілім үйреніп, басқаларға да үйрету.» (Ибн Мажа)

«Ең құнды садақа – екі кісіні татуластыру.» (Табарани)

«Ең құнды садақа – тілін тыю.» (Дәйләми)

«Ең құнды садақа – жасырын берілгені.» (Табарани)

«Ең құнды садақа – Аллаһ разылығы үшін досына қызмет ету.» (Адий бин Хатем)

«Ең құнды табыс – өз еңбегімен табылғаны.» (Ахмед)

«Ең құнды тәсбих – "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар".» (Мүслим)

«Ең құнды дұға – кешірім және амандық тілеу.» (Тирмизи)

«Ең құнды сөз – дұрыс болған сөз.» (Бұхари)

«Ең құнды иман – тағдырға разы болу.» (Әбу Нуайм)

«Ең құнды мінез – ешкім зиян көрмесін деп үндемей тұру.» (Ибн Мүбәрәк)

«Ең құнды ас – айналасында көп қол созылған тамақ.» (Табарани)

«Ең құнды сөз – "Субханаллаһи уә бихамдиһи" деу.» (Мүслим)

«Ең құнды қазына – салиха әйел.» (Хаким)

«Ең құнды дос – Аллаһты еске алғанда жәрдем беретін, ұмытқанда саған еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Ең құнды дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, ал амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Ең құнды әйел – намысын қорғаған, көзі сыртта болмаған әйел.» (Дәйләми)

«Ең құнды әйел – өзін күйеуіне жақсы көргізген, онымен жақсы қарым-қатынас жасаған және тіл табысқан әйел. Ал ең жаманы – ашық-шашық киінетін, тәкәппарланатын әйел.» (Бәйһақи)