Untitled Document

Сұхбат... Әйел ақысы

Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады». (Мүслим) 

«Әйеләлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар(Ибни Лал)  

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемімінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны». (Тирмизи)  

 «Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды». (Мүршид-ун-ниса)  

 «Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді. Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді.

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады». (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу тааланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар(Муслим) 

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады». (Р. Насихин)  

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу таала жақсы көреді, ризықтарын арттырады». (И. Лал)