Насихат... Абдуллаһ бин Тахирдің насихаты (1)
Абдуллаһ бин Тахир Аббасилер заманында өмір сүріп, халықты ең әділ, ең жақсы түрде басқарған уәли (әкім) еді. Баласы Ракка қаласына уәли етіп тағайындалғанында оған насихат ретінде хат жолдайды. Кейіректе бұл хат халифаның қолына жетеді. Бұл насихаттар халифаның көңілінен шығып, оны көбейткізіп бүкіл уәлилерге таратады. Бұл хат мынадай мазмұнда болатын:
♦ Әр сәтте Аллаһтан қорық! Оның әмірлеріне қайшы тірлік жасама! Аллаһу та’аланың саған мейірім етіп берген ниғметтерін ахиретке дайындық жолында қолдан!
♦ Бәрінен де маңызды ісің намаз болғай! Ең жақсы түрде дәрет алып, тадили әрканына мән беріп, бес уақыт намазыңды міндетті түрде уақытында оқы! Намаз адамды жамандықтардан алыстатады. Өйткені Анкебут сүресінде «Дұрыс оқылған намаз адамды үлкен күнәлардан және Аллаһу та’аланың разы болмаған нәрселерінен қалайда алыстатады» делінген.
♦ Қол астыңдағы адамдарға мейіріммен мәміле ет! Олардың ақылары мен құқықтарын қорға! Әрдайым әділ бол!
♦ Ғалымдардың қадірін біл! Олармен кеңесіп отыр! Кеңеспей іс бастама! Сен ғалымдарды құрметтесең, қарамағыңдағылар сені құрметтейтін болады.
♦ Қарамағыңдағы адамға нақты дәлелің болмастан кінә тақпа! Өйткені кінәсіз адамды айыптау харам болады.
♦ Берген уәдеңді міндетті түрде орында! Адамдарға жақсылық жасауға тырыс! Қол астыңдағылардың айыбына көз жұм!
♦ Адал, жақсы адамдарды құрметте! Жақсы адамдарға, жақсы іс жасап жатқандарға көмекші бол! Әлсіздерге көмектес! Туыстарыңмен араласып, оларды зиярат етіп тұр! (Жалғасы ертең...)