Untitled Document

Мәлімет... Ерекше фобиялар

Дисней жылдар бойы түрлі мультфильмдер шығарып, балалардың көз қуанышына айналды. Солардың бірі Микки Маус топтамасы. Ал аталмыш туындының авторы Уолтер Дисней музофобияға шалдыққанын білесіз бе? Музофобия дегеніміз – тышқандардан қорқу. Дегемен, Уолтер Дисней өз қорқынышын жеңіп, артынан ғасырға жуық уақыт өтсе де танымалдығын жоймаған туынды қалдырып кетті.

Напалеон Бонапарт, Юлий Цезарь секілді императорлардың қорқынышы – мысық болған. Мұны ғылымда айлурофобия деп атайды.

АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтон таферфобиядан (тірідей көмілуден қорқу) зардап шеккен.

Дэвид Бекхэм ерекше фобиялардың біріне шалдыққан. Ағылшын футболшысының қорқынышы атаксофобия деп аталады. Яғни, бөлме ішінде заттар тиесілі орындарына қойылмаса немесе аяқ киімнің екінші сынары бір сызық бойында тұрмаса спортшы үшін айтарлықтай қиындық тудырған.

Сіз бұрын соңды естіп көрмеген ерекше фобиялар тізімі:

Авидсофобия адамдардың құсқа айналып кетуден қорқуы.

Аматофобия шаңнан қорқу.

Андротиколобомассофобия ерлердің құлағынан қорқу.

Арипофобия тазалықтан қорқу.

Аутофобия адамның өз-өзінен, яғни жалғыз қалудан қорқуы.

Тетрафобия 4 санынан қорқу.

Гиппопотомомонстросесквипедалиофобия аты айтып тұрғандай ұзақ сөздерден қорқу.

Филофобия ғашық болудан қорқу.

Ангинофобия жіңішке заттардан қорқу

Фагофобия тамақтарды жұтудан қорқу.