Untitled Document

Ғибрат... Ішке сыймаған ғайбат

Хасан Басри хазреттеріне бір кісі келіп:

- Пәленше сізді жамандады, сіз туралы мынадай, мынадай орынсыз нәрселерді айтты,- дейді. Хазреті Хасан Басри:

- Сен бұл сөздерді сол кісінің өз аузынан естідің бе?- деп сұрайды. Әлгі кісі:

- Иә, мені қонаққа шақырған болатын, дастархан басында сіз туралы осы нәрселерді айтты»- дейді.

- Дастарханда не бар еді, сені қалай күтті, жақсы ішіп жедің бе?

- Ооо, Дастарханда әр түрлі сусындар, етті тағамдар болды, қонақжай кісі екен, жақсы ішіп жедік,- дейді. Сонда Хасан Басри хазреттері:

- Осыншама тағамдарды ішіңе сыйдырып, екі ауыз сөзді ішіңе сыйдыра алмай маған неге әкелдің?» деген екен.

Дұға...               Мал-жанды бәледен қорғайтын дұға

Имам Раббани хазреттері  шәкірттерімен сапарға шыққан еді. Қараңғы ауғанда бір керуенсарайға тоқтайды. Бір кезде шәкірттерін жинап: «Бұл түні бір пәлекет болады.Бисмиллаһилләзи ла-йадурру ма-асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиулалим дұғасын оқыңдар. Басқаларға да айтыңдар. Кім бұл дұғаны оқыса Аллаһу та’аланың рұқсатымен өзі де, мал-мүлкі де қорғалады.» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)  

Дерт, пәлекет, фитна, ауру, көз тиюі, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін таңертең-кешке Имам Раббани хазреттері білдіргенін ойлап осы дұғаны 3 реттен оқу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«"Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми'ул-алим" дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай бәле-жала келмейді». (Ибн Мажа)