Untitled Document

Денсаулық... Тұмауға қарсы (1)

Күн бірде жылып, бірде суып, ауа райы құбылатын күз айларында тұмау дерті үдейе түсетіні мәлім. Мамандар тұмаудан мейлінше сақтану үшін және тұмаудан ертерек айығу үшін төмендегідей шараларды орындауға кеңес береді:

● Тұмаудың ең жақсы емі демалу. Тезірек жазылу үшін үйде тынығып, емделу керек. Өзге отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін мүмкіндігінше жеке қалуға тырысыңыз. Жеке ыдыс қолдану керек. Өзге отбасы мүшелерінің де маска таққаны абзал болады.

● Түшкірген, жөтелген жағдайда бір реттік салфеткамен ауызды жабу керек. Қолмен жапқан жағдайда қолды жуу, қолмен бетті, көзді уқаламауға тырысу керек.

● Тазалыққа мән беріңіз. Әсіресе қолды жиі жуып жүру керек. Бетті жуу, ауыз, мұрынды шайқау, дене тазалығы (душ), және киім, төсек тазалығына немқұрайлы қарамау керек. Ауадағы вирустар еденге, жиһаздарға шөгетіндіктен үй тазалығын да қадағалау керек.  

● Жабық жайларды желдетіп тұру, ауа алмасуын қамтамасыз ету керек.

● Көп су ішіңіз. Күніне 8-10 стақан су ішу ағзадағы қалдықтардың денеден шығуын қамтамасыз етеді. Суды ыстық емес және суық емес, жылы етіп тұтыну керек.

● Ұйқысыз қалмаңыз. Тым аз ұйқы аурулардың шақырушысы. Мәселен бір түн ұйықтамау вирустарға қарсы төтеп беретін жасушалардың екі есеге азаюына себеп болады.

● Балаңыз ауырса, достарына жұқтырмауы үшін бала-бақшаға, сабаққа жібермеңіз.  (Жалғасы ертең...)