Untitled Document

Сұхбат... Оң жақтың маңызы

Адамның оң жақ мүшелерін де, сол жақ мүшелерін де Аллаһу та'ала жаратқан. Адамның сол жақтағы дене мүшелері тозаққа кететін болса, оң жақтағылары да кетеді. Осы тұрғыдан алғанда оң жақ пен сол жақтың айырмашылығы жоқ. Кез келген құрал-жабдықтың қолдану нұсқаулығы болатынындай адамның да қалай әрекет етуі керектігін, қалай жүріп тұруы, қалай өмір сүруі керектігін дініміз білдірген.

Хазреті Имам Науауи былай деген: «Мүбәрәк, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мүстаһаб болып табылады. Киім, аяқ киім киерде, шашты тарағанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қол, аяқ жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау керек. 

Бұлардың қарама-қайшысын жасағанда сол жақтан бастайды. Мәселен: аяқкиім, киім шешкенде, іш дәрет алғанда, сіңбіргенде сол жақтан бастау мүстаһаб. Бұларды оңнан бастау тәнзиһән мәкрух болады». (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Оң қолмен ішіп-жеңдер, оң қолмен алып беріңдер! Өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді, сол қолымен алып береді». (Ибн Мажә)

«Аяқкиім кигенде оң аяқтан, шешкенде сол аяқтан бастаңдар!» (Бұхари)

Оңның солға қарағанда үстемдігі бар. Бір жерге бара жатқанда жол екіге айырылса және сұрайтын ешкім болмаса не істеу керек? Хадис шәрифте: «Алдарыңнан екі жол шықса, оң жағындағысымен жүріңдер» делінген. Мубах болған істерді оң жақтан бастау керек! Пайғамбарымыз қолындағы суды оң жағында отырған бәдәуиге берді. Бәдәуи: «Йа Расулаллаһ, сол жағыңызда отырған Әбу Бәкірге неге бермейсіз? Оның қадірі, дәрежесі менен де жоғары» дегенде Расулуллаһ алейһиссалам: «Суды оң жақтан таратыңдар деді. (Б. Арифин)