Untitled Document

Жалғасы... Атауы өзгерген қазақстандық қалалар (2)

Қызылорда қаласы. Атауын бірнеше рет өзгерткен қалалардың бірі – Қызылорда. Сырдария бойында қорған ретінде салынып, Ақмешіт деп аталған. 1853 жылы Перовск қаласы болып өзгертілді. 1922 жылы Ақмешіт атауы қайта беріліп, үш жыл көлемінде осы атпен аталды. 1925 жылы Қызылорда атауын алып, 1929 жылға дейін астана қызметін атқарды.

Атырау қаласы

Атырау қаласының негізін орыс көпесі Гурий Назаров қалаған. Бекініс ретінде салынған бұл жердің алғашқы атауы Төменгі Жайық деп аталды. Ал, 1647-1648 жылдары патша үкіметінің шешімімен қала тұрғызылды. Біршама уақыттан соң қала атауы Ясть-Яицк, ал 19 ғасырдан бастап Гурьев деп аталды. 1920 жылдары Чапаев деп өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін депутаттар кеңесі өтіп, 1991 жылдың 4 қазанында Атырау деген ат берілді.

Ақтау қаласы

Ақтаудың атауы бір рет өзгертілген. Қала 1959 жылы балықшылар шоғырланған кішкене елді мекен болып қалыптасқан. Сол жылдары Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Шевченконың құрметіне егемендік алғанға дейін Шевченко қаласы (1964-1991 жылдары) деп аталды. 1991 жылдан бастап Ақтау атауы қайта берілді.

Қостанай қаласы

Тобыл өзенінің жағасында орын тепкен Қостанайдың алғашқы атауы Николаевка болған. 1893 жылы орыстар енгізген ауыс-түйіс нәтижесінде Қостанай уезі деп аталды. Кейінірек, қала статусына қол жеткізді.