Untitled Document

Дұғалар... Шайтан үйге кірмеуі үшін

Үйге кірерде Аят-әл-күрси оқылса, шайтан ол үйге кіре алмайды. Одан бөлек үйде Құран кәрім оқылғанда шайтандар үйден алыстайды. Сүйікті пайғамбарымыз былай деген: «Үйге кірерде бисмиллаһ айтылса, шайтан "Бұл үйге кіруім мүмкін емес" деп қайтып кетеді». (Тибиан)

«Үйден шығарда "Бисмиллаһи, тәуәккәлту алләллаһи, лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп оқыған адам қауіп-қатерден қорғанады және шайтан одан алыстайды». (Тирмизи)

«"Әузу бикәлиматиллаһит таммати мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ештеңе зиянын тигізе алмайды». (Мүслим)

Әдеп-ахлақ... Сөз тасу

Омар бин Абдулазиз хазреттерінің қасына біреу келіп, «Пәленше кісі сіз туралы былай деп жатыр» деді. Омар бин Абдулазиз «Қаласаң, біз бұл істі зерттестіріп көрейік. Егер өтірікші болсаң, «Хужурат» сүресінің алтыншы аятының үкімі бойынша, айтқаның қате болса, «Қалам» сүресінің он бірінші аятының үкімі бойынша жауапкер боласың. Екі жағдайда да сен жауаптысың. Қаласаң, үшінші жағдайды таңдап, сені кешірейік және бұл мәселені жабайық» деді. Осыған орай әлгі кісі тәубе етіп, «Өкіндім, ендігәрі ондай нәрсе істемеймін» деді.