Untitled Document

Сұхбат... Шайтанның айласы

  • қарсы шыққанға дейін шайтан періштелер іспетті Аллаһқа құлшылық жасап, айтылған бұйрықтарды орындайтын періштелердің ұстазы еді. Алайда, Раббымыздың бір әміріне қарсы шыққаны үшін қарғысқа ұшырайды. Шайтанның басқа бір аты «Ібіліс» деп аталады. Адамдарды алдап, тура жолдан тайдыруға, Аллаһқа қиянат жасауға үндейді. Ібілістің нәсілі бірінші «Сүр» аспабы үрленгенге дейін жалғасады. Енді оның кейбір бала-шағасы мен атқаратын қызметтеріне тоқталайық.

Ханзәб намаз оқып тұрғанда уәсуәса береді (адам есіне әр нәрсені салып азғырады). Осындай жағдайға тап болғанда Аллаһқа сыйыну керек.

Уелһан тазалықта көп су қолдануға уәсуәса береді. Суды ысырап қылғанға күліп мазақ қылады.

Зелленбур базардағы сатушыға жарамсыз тауар сатуға, тауарын өтірік мақтауға, кемшіліктерін жасыруға, адамдарды алдауға азғырады.

Уәснан адамды ұйқыға бастырады. Намаз бен басқа да ғибадаттар үшін адамның көзін жұмылдырып, ұйқыға бастырады. Ал зина, ұрлық секілді харамдарға керісінше адамдарды ұмтылдырады.

Бетр жағдайды қиындатуға, ушықтыруға тырысады. Бақырып-шақыру, шапалақпен беттен ұру секілді надандық әдеттерді жасауға адамды азғырады.

Дасим тамақ үшін азғырады. Тамақты «бисмилләһ»пен бастамаған адаммен тамақтанады, «бисмилләһ»сіз кіргенмен үйге кіреді, «бисмилләһ»сіз жатқанмен төсекке жатады, «бисмилләһ»сіз жиналған киімдерді киеді. Ерлі-зайыптылардың ортасында ұрыс шығаруға, ажырастыруға тырысады.

Метун немесе месут адамдар арасында жалған хабарларды таратады. Кейіннен қай жерден шыққаны белгісіз болады. Сондықтан адамның естігендерін айта беруі жалған ретінде өзіне жетіп артылады.

Әл-Әбиаз пайғамбарлар мен әулиелерге уәсуәса береді. Пайғамбарларға зиян тигізе алмайды, ал әулиелер болса онымен күреседі.