Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Сараңдық (2)

Сондай-ақ сараңдық делінгенде көбінесе материалдық, яғни мал-мүліктегі ашкөздік ойға келеді. Алайда мал-мүлікпен қоса сараңдық уақытта, дене мүше, уақыт, ілім және т.б. пайдалы ниғметтерді де діннің үкімі бойынша және адамгершіліктің беруді қажет ететін жерлерге бермеу дегенді білдіреді.

Юсуф Синануддин хазреттері былай деген: «Ғибадатын орындамаған адам өзіне сараңдық еткенімен қоса, пайғамбарымыздың атын естіп салауат айтпаған, мұсылмандарға сәлем бермеген адам да сараңдық еткен болады» деген. 

Аллаһу тааланың ихсан еткен ілімін, пайдалы болған нәрселерді, адамдарға айтпау, үйретпеу де сараңдық. Ал мұның терісін айту, яғни қате нәрсені айту болса, бұл одан өткен сараңдық.

Аллаһу та’ала мұсылмандарға күніне бес уақыт намазды парыз еткен. Бір күндік парыз намаздардың қосындысы 17 рәкат. Уәжіп, сүннеттерін де қосқанда барлығы 40 рәкат. Әр қайсысын 1 минуттан есептегенде шамамен 40 минуттық уақыт. Демек Аллаһу та’аланың берген 24 сағатының ішінен 40 минутын Аллаһу та’алаға бөлмеген адам сараңдық еткен болады. Ал уақытын Аллаһу та’аланың тыйым салған нәрселерде қолданғандар болса, харамдарға, ішкілікке, құмар ойындарына сарп етсе исраф еткен болады. Исраф та жаман, сараңдық та жаман. Мұның ортасы жомарттық.