Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Сараңдық (1)

Діннің және ожданның, адамгершіліктің беруді әмір ететін жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Хақ тааланың ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады». (Али Имран 180)

Хадис шәрифте: «Сараңдықтан сақтаныңдар! Өйткені сараңдық сендерден бұрынғылардың опат болуына себеп болды» делінді. (Тәбйинул-Мәхарим)

Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Ең сараң адамдар діннің борыш еткен міндеттерін өтемейтіндер. Зекетін бермейтіндер, бала-шағасының нафақасын қамтамасыз етпейтіндер немесе бұларды жүк ретінде лажсыз орындайтындар осындай. Бұлар табиғаттарында сараң. Лажсыз жомарт көрінуге тырысады немесе мүлкінің қалдықтарын немесе қаламай орта дәрежеде бергісі келеді. Азығы көп бола тұра аш көршісіне бермеу, алдында тамақ тұрғанда ұзақтан бір кедейдің келе жатқанын көріп тамақты тығып қою адамгершілікке жат қылық және сараңдық болып табылады». (Жалғасы ертең...)