Сұхбат... Қияметтің жақындағанына белгілер көп
Нигделік Қара Яқуб хазреттері Ханафи мазһабының фиқһ ғалымдарының бірі. 789 (м.1387) жылы Нигде (Түркия) қаласында туылды. 883 (м.1478) жылы Қараманда қайтыс болды. Дәрістерінің бірінде былай деген:
Қияметтің жақындағанына белгілер көп. Олардың кейбірлері мыналар: Сауатсыздық көп болып, білімнің аз болуы. Сауатсыздар басшылыққа шығып, сауатсыздығымен адамдарды басқаруы. Қазы, мұғалім және мүфти сияқты аманат саналатын қызметтер өз лайықтысына берілмеуі. Ғалымдарда зұлымдық пен күнә бар болып, ал ғибадат етушілердің сауатсыз болуы. Зиянынан құтылу үшін адамдарға сый-сияпат көрсету. Еркектің әйеліне еріп, ата-анасына қарсы шығуы. Кейіннен келгендер өздерінен бұрын келгендерді «Олар сауатсыз, ештеңе білмейтін еді» деп айтуы. Сенімді, адал адамдар азайып, «пәлен жерде сенімді адам бар екен» деп сөйлеуі. «Пәленше адам ақылды және сыпайы кісі» дегенде, негізінде, ол адамда түйірдей иманның болмауы. Бидғаттар шығып, сүннет тәрк болу, адамдарда сүйіспеншіліктің қалмауы. Дұрысты айтқан кісіге адамдар ашуланып, қуып жіберуге, жұмысынан шығаруға тырысуы. Жастар күнәхар болып, ал әйелдердің жұмысы оларды бұзу болуы. Әмри маруф және нәхи мүнкәр (діннің бұйрықтары мен тыйымдарын насихаттау) тоқтап, керісінше күнәға шақырып, жақсылықтан арылуы. Дінге қатысты амалдар айып саналып, тәрк етілуі. Күнә болған істер жасалып, әдетке айналуы. Жұрттың ғалымдарды тастап, надандарға еруі.