Ғұлама... Қазы Яхия бин Әксем
Қазы Яхия бин Әксем хазретері фиқһ ілімінде ғалым еді. “Тәнбих” атты кітабымен мәшһүр. Хижри 159 (м. 775) жылы Мәрв қаласында туылып, 242 (м. 856) жылы қажылықтан қайтып келе жатып Рәбзе елді мекенінде 83 жасында қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін жақындары оны түсінде көріп: «Жағдайыңыз қалай, Аллаһу та’ала сізге қалай мәміле етті?» деп сұрайды. Яхия бин Әксем: «Аллаһу та’аланың құзырына шыққанымда “Ей, қария! Сен мына, мына нәрселерді жасаған жоқ па едің?” деген кезде, бүкіл амалдарымды біліп тұрғанын ойлап, бойымды үрей мен қорқыныш қаптады. Сосын: “Йа, раббым! Маған Муаммер Имам Зухриден, ол Ибн Зухдтен, ол болса Уруадан, ал ол хазреті Айша Сыддықа радиаллаһу анһадан, ал ол пайғамбарымыздан саллаллаһу алейһи уәсәлләмнан, ол хазреті Жәбрейілден, ал ол Хақ та’аладан алған хабарын былай жеткізген еді. Рауф және Рахим болған Аллаһу та’аланың: «Мен исламда ағарған шаш пен сақалға азап шектіруден ұяламын» деген сөзін хабар берді” дедім. Сонда Хақ та’ала “Сен және Муаммер және Имам Зухри және Уруа және Айша және Мұхаммед алейһиссалам және Жәбрейіл садықсыңдар. Мен сендерді ғафу еттім!” деді».
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.