Untitled Document

Әңгіме... Екі қасқыр

Кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

- Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі – қызғаныш, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

- Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

- Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді,- депті.

Әдеп-ахлақ... Мақталуды жақсы көру

      Көңіл ауруларының бірі мақталу, мадақталуды жақсы көру. Мұның себебі, адам өзін бәрінен жақсы, үстем, дәрежесін жоғары деп ойлауы. Мақталу, мұндай адамдарға жағымды болып келеді. Мұның шынайы үстемдік, жақсылық емес екенін ойлау керек. Өзін басқалардан жоғары деп санаған адам, тәкаппарлық қауіпіне түсуі мүмкін. Тәкаппарлық өте жаман ауру. Тәкаппар адамға қарапайымдылық көрсеткен адам, өзіне зұлым еткен болады. Соғыста дұшпанға қарсы тәкаппарлық ету сауап болып табылады. Өзін көрсетіп, рия еткен адамға тәкаппар болып көріну жаиз (рұқсат).