Тарих... Қуғын-сүргін құрбандары
Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар.
1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Статистикаға сәйкес, Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корейлік отбасы, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Елімізге өз еріктерінен тыс крым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері келді. Жалпы, осы жылдар аралығында барлығы 1 млн. 500 мың адам жер аударылды.
Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды. Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы «АЛЖИР» - отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған ақмолалық лагерді барлығымыз білеміз.
Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссириатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) лагері де болды. Ол КСРО ХІІК ГУЛАГ-на тікелей бағынатын 1930-1959 жылдардағы ең ірі еңбекпен түзеу мекемесі еді.
Президенттің 1997 жылғы жарлығынан басқа, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл егеменді елімізде қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі деп есептелінеді.
Ақбота Кузекбай, «www.strategy2050.kz»