Әдеп-ахлақ... Ғибадатты жасыру
Рия, яғни жұртқа көрсету деген қаупі жоқ болса, адамдарды ынталандыру мақсатымен нәпіл ғибадаттарды ашық түрде жасауға болады. Егер рия қаупі бар болса немесе рияға жол ашуы мүмкін болса, нәпіл ғибадаттарды жасырын орындау керек.
Ислам ғалымдары «Бір қайырымдылықтың жасалуына жол көрсеткен адам оны жасаған адамдай болады» хадис шәрифі бойынша садақаны ашық түрде берудің, жақсылықты ашық түрде жасаудың екі есе сауапты екенін айтқан. Біріншісі садақа сауабы, ал екіншісі адамдарды соған ынталандыру сауабы. Бір хадис шәриф:
«Садақаны жасырын беру ашық түрде беруден абзал, бірақ үлгі болу, адамдарды садақаға ынталандыру үшін жария түрде берілген садақа жасырын садақадан абзал.» (Дәйләми)
Рия болып қалу қаупі бар болса, садақаны жасырын түрде беру сауапты. «Йа, Расулаллаһ, қандай садақа құндырақ?» деген сұраққа пайғамбарымыз алейһиссалам: «Аздап жасырын берілген садақа» деп, «Егер садақаны ашық түрде берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер сендерге сол қайырлырақ» деген аятты оқыды. (Табарани)
Имам Раббани хазреттері айтқан: «Парыздар орындалғанда рия араласпайды. Ал нәпіл ғибадаттарда елге көрсету ойы көп болады. Сондықтан зекетті жария түрде беру керек. Ал нәпіл болған садақаны жасырын беру қажет, сонда қабыл болу ықтималы көбірек болады.» (2/82)
Кешегі жауап: Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі.