Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тәкаппарлықтың белгілері (2)

11- Дұрыстың дұрыс екенін мойындамау. “Бұл нәрсе былай” деген кезде басқа мағына беруге, бұрмалауға тырысу, әр нәрсені бір айтып дұрысқа дұрыс деп айтпай қырсығу. Ал негізінде хақты сөйлеген адам бала болса да, надан болса да қуана-қуана қабыл ету керек.

12- Уәсуәсә ету (күмәндану) де тәкаппарлықтың белгісі болуы мүмкін. Ондай адам өзін мұқияттымын, ұқыптымын деп санап, басқаларды өтірік істейді деп ойлайды. Өзіне айтылған насихатты қабылдамайды. Үнемі күмәншіл болады.

13- Басшы болуды қалау, бұйрық беруді жақсы көру. Өзінің кейбір жақтарын да жоғары санау.

14- Адамдар қасына барып, бір нәрсе айтуға немесе сұрауға шошитын болса, бұл да тәкәппарлықтың белгісі.

15- Қарапайым секілді болып көріну. Керексіз жерде “мархабат, мырзам” деп шектен тыс қарапайымдылық көрсету. Екі сөздің бірінде “Құлыңызбын, біз кішкентай адамбыз ғой” дегендей сөздер айту. Ал негізінде бұлай сыпайылануы тәкаппарлығын жасырудан басқа еш нәрсе емес.

16- Өз-өзін кішіпейілділік болсын деп “бұл пақыр, бұл әлсіз, бұл күнәһар” деп сөзді бастайтын адамдардың арзымайтын бір сын айтылғанда әлсіздігі мен пақырлығын ұмытып қойып, өкпелеп қалуы да барып тұрған кісіліктің, тәкәппарлықтың өзі.

17- Айналасындағыларға күн көрсетпеу, қинау, ренжіту. Біреуді біреуге шағыстыру. Өзгелердің кемшіліктерін айтып, өзінің ондай еместігін көрсетуге тырысу.

Қысқасы:  Өз орнын, жөнін білу – қарапайымдылық,  орнын білмеу – тәкаппарлықтың белгісі болады.