Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тәкаппарлықтың белгілері (1)

Сұрақ: Бір адамның тәкаппар екендігін қай белгілеріне қарап білуге болады?

Жауап: Алдымен тәкаппарлыққа жататын іс-әрекеттерге бірнеше мысал келтірейік:

1- Сұрақ сұрамау тәкаппарлықтың белгісі. Тәкаппар адам сұрақ сұрауды білмегендіктің белгісі деп ойлайды. “Егер сұрақ сұрасам, білмейтіндігім белгілі болып қалады” - дейді.

2- Тек өзінен ғана сұрағанды, басқалардан сұрамағанды қалау, білетін-білмейтін барлық сұрақтарға да жауап беруге тырысу, білмеймін деп айта алмау.

3- Жол, адрес сұраудан тартыну. Жол және сұрақ сұрамау – айыпталу, кінәлану қорқуынан туындайды.

4- Бастығынан рұқсат сұраудан тартыну.

5- Қонаққа барған үйде бірнеше кісімен бірге намаз оқитын кезде имам болуға лайықты көптеген адамдар бола тұра, үй иесі рұқсат етпестен өзінің имамдыққа алға өтуі, барлығынан имамдыққа өзін лайықпын деп санау.

6- Жиындарда тек өзі сөйлеп, басқалардың сөзге араласуынан мазасыздану, олардың үндемей отырып тыңдауларын қалау.

7- Айналасындағы адамдарға көп білетіндігін көрсетіп қою үшін, оларға әр сәтте бір нәрселерді түсіндіруге тырысу, өзінше қате деп санаған нәрселерін дереу түзетуге, ескертуге тырысу.

8- Мешітте жамағатқа “Алға өт! Артқа тұр!” деп бұйрық беруге құмар болу және сондай бір бұйрық берілгенде мазасызданып жақтырмай отыру.

9- Жасына қарамастан барлығының бір-бірлеріне “аға” деп айтуы әдет болған жерлерде “аға” деп айта алмау, тек атымен немесе “бауырым” деген секілді сөздермен шақыру.

10- Мақтағанды жақсы көруі, сын айтқанды, әзілді көтере алмау. Қатесін айтқан адамға рахмет айта алмау. (Жалғасы ертең...)