Untitled Document

Отбасы... Бала тәрбиесі

Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, гауһардай құнды болады. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Кішкентайында ешбір пішінге енбеген таза топырақ секілді болады. Таза топыраққа не ексең соның жемісін аласың. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады.

Тахрим сүресінің 6-аят кәримасында: «Өздеріңді, үйіңдегілерді және қол астыңдағыларды оттан қорғаңдарделінген.

Әке-шешенің балаларын тозақ отынан қорғауы дүние отынан қорғаудан да маңызды. Тозақ отынан қорғау – иманды, фарз, харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман достардан қорғау арқылы жүзеге аспақ.

Пайғамбарымыз: «Бүкіл балалар мұсылмандыққа лайық, бейім болып туылады. Бұларды кейін әке-шешелері христиан, яһуди немесе дінсіз етеді» деген.

Сондықтан барлық мұсылмандардың бірінші міндеті, баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету болу керек. Бала – үлкен ниғмет. Бұл ниғметтің қадірін білмесе қолдан кетеді.

Балаға Аллаһу та’аланы, Оның пайғамбарларын, харамдарды, намаз оқуды, Құран кәрімді оқуды үйретпеген әке баласының дүниесін де ахыретін де күйдірген болады. Мұндай әке немесе шеше дүниедегі ең мейірімсіз әке немесе шеше деген сөз. Бала күнә істеген сайын әке-шешесіне де күнә жазылады. Егер бала ғибадат етсе, әрбір жасаған ғибадаты әке-шешесіне де сауап болып жазылады.