Untitled Document

Сұхбат... Қорқу мен үміт

Аллаһу та'аланың азабынан қорықпау, жәннатқа кіретініне сенімді болу дұрыс емес. «Раббым маған азап бермейді, ауқымы кең жәннатында маған орын жоқ па екен?» деп күнә істеуді тоқтатпайтындар, тозақта да орын көп екенін ойлауы керек. Сондай-ақ қаншама көп ғибадат етсек те құтылатынымызға сенімді болмау керек. Өйткені құтылу не құтылмау соңғы демде мәлім болады. Суфйан Сәури хазреттері: “Үш ұстазға шәкірт болдым. Үшеуі де заманының ең ғалым адамдары еді. Өлім уақытында үшеуі де дүниеден имансыз кетті. Олардың мұндай жағдайын көріп қорқыныштан омыртқа сүйегім бүгіліп қалды” деген екен.  

Аллаһу та'аланың мейірімінен үмітін үзу де дұрыс емес. «Өте көп күнә істедім, менің құтылуым мүмкін емес!» деп айтудың өзі жеке күнә саналады. Күнәмыз қаншама көп болса да, Аллаһтың кешiрiмдiлiгiнен еш үмiт үзбеу, күнәлар үшiн өкініп, тәубе-истиғфар етуіміз керек. Өйткенi тәубе еткен адам ешқандай күнә iстемегендей болады.

Мұсылман қорқу мен үміт арасында өмір сүруі керек. Яғни Аллаһу та’аланың ашуынан, азабынан қорқу керек, бірақ рақымдылығы мен мейірімінен үміт үзбеу керек. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) көп күнә істеп, үмітін үзген адаммен кездесіп қалады. Одан:

- Неліктен шөл далада жынды сияқты әрі-бері жүрсің? – деп сұрайды. Ол күнәсі көп екенін, кешірілмейтінін айтады. Мұны естіген хазреті Әли (радиаллаһу анһ) ол кісіге:

- Сенің күнәң қанша көп болса да, Раббымыздың мейірімінен көп бола алмайды! – деп жауаптаған екен.