Жалғасы... Алаш туы астында (2)
Ұлтым десе айып па қайраткерлер,
Тіл – қарумен дұшпанын жайратқан ер.
Басшыларды құрметпен сөйлетсеңіз,
Өзге тілмен шұбарлап сайрап сөйлер.
Карта бөлген жеріміз жетіп жатыр,
Қорғанысы нығайып бекіп жатыр.
Тар жол тайғақ кешумен бабам сызған,
Шекара асып сәбилер кетіп жатыр.
Бірін қойып жете алмай, бірін айтып,
Көншиді екен мынау пәк көңіл қайтіп.
Бұрынғының алашы болмасам да,
Бүгінгіге жаусыншы тілім жайпап...
Біз бостандық иесі бақыттылар,
Бақыттылар сөзінде жақұт тұнар.
«Алаш туы астында сөнбей- тұғын»
Жас ұрпақтан қалсыншы сарқыт жырлар.
Елге айналдық ес жиып , етек жапқан
Жат көздерден қорғасын кесел «қапқан»
Берекеміз жоғалмай бір болайық,
Құдай өзі сақтасын шетел жақтан.