Өлең... Алаш туы астында (1)
Адамды Алла жаратқан жер бетіне
Салем етіп Пайғамбар үмбетіне
Ассалаумағалейкум арда халқым
Айналған тәуелсіздік келбетіне.
Азаттығым - айбыным, ел бағысың
Бабаларым күрескен ел қамы үшін.
Тілім , дінім, жерім деп жан таласты
Қолдан бермей өлгенше ер намысын
Алмағайып кезеңде амал тауып,
Ойландырмай төнетін қамал, қауіп.
Тәуелсіздік төрінде шалқайсын деп,
Ұрпақтарын жеткізген аман – сау ғып.
«Бай елміз» деп кеудені мақтан керді,
Сеземіз бе маңдайдан аққан терді?
Қызғыштай боп қорғаған арыстарым,
Бес тиынға біреулер сатқан жерді.
Азаттықты аңсаған қайран - бабам,
Ақылымен көңілі лайланбаған.
Білім емес қуғаны мода болған ,
Ұялар ед(і) ерлерден тайраңдаған.
(Жалғасы ертең...)