Untitled Document

Сұхбат... Аллаһтың сүйікті құлдары

Ақидасы (сенімі) дұрыс, діннің әмірлері мен тиымдарына мойынсұнатын, яғни харамдардан сақтанып, парыздарды, жақсылықтарды орындайтын барлық мұсылманды Аллаһу та’ала жақсы көреді. Төмендегі сипаттарға ие болған мұсылмандарды да осы мінездері себепті жақсы көреді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу таала (күлімдеген) жылы жүзді адамды жақсы көреді». (Бәйһақи)

«Аллаһ мухсин. Мухсиндерді (жақсылық жасайтын) адамдарды жақсы көреді». (Табарани)

«Аллаһу таалакөркем. Көркем (әдемі істерді) жақсы көреді. Аллаһу таалажомарт. Жомарттықты жақсы көреді. Аллаһу таалатаза. Тазалықты жақсы көреді». (И. Адий)

«Аллаһу таала жұмсақ мәміледе болғандарды жақсы көреді». (Мүслим)

«Аллаһбір. Тақ санға мән берген адамды жақсы көреді». (Ибн Наср)

«Аллаһу таала жасаған ісін кемшіліксіз жасаған адамды жақсы көреді». (Бәйһақи)

«Аллаһу таала жәрдем сұрағанға жәрдем беруге асыққан адамды жақсы көреді». (И.Асакир)

«Аллаһу таала тәубе етуші жастарды жақсы көреді». (Әбушшәйһ)

«Аллаһу таала жастық шағын Аллаһқа мойынсұнумен өткізген жастарды жақсы көреді». (Әбу Нуайм)

«Аллаһу таала кәсіп иесі болған және кәсібінде шебер болған муминді жақсы көреді». (Табарани)

«Аллаһу таала ескі достығын жалғастырған адамды жақсы көреді». (Дәйләми)

«Аллаһу таала мазлұмға және қиыншылыққа тап болған адамға жәрдем беруге асыққан адамды жақсы көреді». (Бәйһақи)

«Аллаһу таала тайсалмай дұға ететін құлдарын жақсы көреді». (Бәйһақи)