Untitled Document

Сұхбат... Әркім өзіне қарауы керек.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде Әнфал сүресінде: «Әркім өзіне лайық болған істі істейді» деген. Бұл өте маңызды нәрсе. Адам алейһиссаламнан бері әркім өзіне лайық болған істі атқарып келген. Біреулер өлген, біреулер өлтірілген. Біреулер салумен, біреулер бұзумен айналысқан. Осылайша адамдар Адам алейһиссаламнан кейін салушы және бұзушы болып екі топқа бөлінген. Сол үшін, адам өзіне «Мен қай топтамын?» деген сұрақты қойып, өзінің кім екеніне қарауы керек. Адамдар осылайша екі топқа бөлінгендіктен Аллаһу та’ала ахиретте бір жәннат, бір жаһаннам жаратқан...

Әркімнің маңдайына жазылғаны, тағдыры - өзінің амалы. «Менің пешенемде не жазылған?» дейтін болсаң, өз амал-әрекеттеріңе қарайсың. Барлық адам әзелде (ежелде) Аллаһу та’аланың өзі үшін тағдыр еткенін орындап, дүниедегі амал-әрекеті ретінде көрсетуде. Әрбір нәрсені Илми-әзелде Аллаһу та’ала тағдыр еткен, ал бүгін уақыт-сағаты жеткенде бұлар іс жүзінде көрінуде.

Әркім өзіне лайық болған істі істейді. Пайғамбарымыз «Адам жақсы көрген адамдарымен бірге болады» деген. Демек, бір-біріне лайық адамдар бір-бірін іздеп, тауып алады. Бір сенімде, бір көзқараста, бір қызметте жиналады. Барлық нәрсе Аллаһу та’аладан. Сондықтан «Аллаһ бергісі келмегенде қалауды бермес еді» делінген. Сол себепті мұндай болғандардың Аллаһу та’аланы қаншалықты мадақтаса да, қаншалықты шүкір етсе де, қаншалықты көз жасын төксе де, қаншалықты оның құлдарына жақсылық жасаса да аз.