Сұхбат... Уақыт өте құнды
Уақыт – өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмеуде. Сондықтан уақытты ең құнды амалдармен өткізу керек. Өйткені пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген.
Уақытты үнемді пайдалану тұрғысынан да дін ғұламалары ең жақсы амалдарды істеген және “жамандықпен ақымақтықтың белгісі – уақытты босқа өткізу” деген. Имам Ғазали хазреті: «Өткен күн өтті, ертеңіміз белгісіз. Олай болса, сен бүгінгі күнді үнемді пайдалан!» деген.
Мұхаммед Париса хазреттері кейін істейміз, ертең істейміз деген адамдарға: “Бүгінгі күн – кешегі күннің ертеңі еді. Олай болса бүгін не істедіңдер, ертең істеймін дейтіндей?” деп жауап беретін еді.
Имам Шарани хазреті уақытты үнемдеу жайында: “Қарапайым адам уақытын қалай өткізетінін, ал ақылды адам уақытын қалай тиімді қолданатынын ойлайды” деген.
Имам Раббани хазреті былай деген: “Жастық шақ - өмірдің ең құнды кезеңі. Адамның дені сау, қуатты болатын кезі. Бұл уақыт күн өткен сайын азайып, күш-қуаты әлсіреп, кәрілікке жақындауда. Ең құнды, ең қажетті іс болған Аллаһу та’аланы тану және Оның разылығына, сүйіспеншілігіне қауышуды қиял болған кәрілік шаққа қалдырған адамға обал болсын! Ең құнды уақыттарын ең зиянды, ең жаман болған нәпістің қалауларына қауышу үшін жұмсаудасың. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ертең істеймін деген адам алданды» деген. Аллаһу та’ала адамдар мен жындарды Өзін тану және разылығына, сүйіспеншілігіне қауышу үшін жаратты.
Уақыт өткір қылыш секілді. Ертеңге дейін өмір сүретініміз белгісіз. Маңызды болған істерді бүгін жасау керек, маңызды болмағандарды ертеңге қалдыру керек. Ақылды адам осылай жасайды.”
Қорыта айтқанда уақыт, яғни адамға берілген мерзім шектеулі және өте құнды болып табылады. Сондықтан бұл құнды уақытты ең жақсы түрде өткізуге тырысу керек.