Untitled Document

Денсаулық... Миға пайдалы азықтар

Есте сақтауды, зейінді арттыратын, мидың жұмыс істеуіне пайдалы азық-түліктер:

Асқабақ дәні: Асқабақ дәндерінің құрамында мырыш бар, белсенді ақыл-ой қызметін жылдамдатуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Грек жаңғағы: Басқа жаңғақтармен салыстырғанда, грек жаңғағының құрамында өте көп мөлшерде Е дәрумені болады. Е дәрумені миды, қартаюмен бірге келетін келеңсіз үрдістер мен аурулардан сақтайды.

Қызанақ: Қызанақ жеу арқылы Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін төмендетуге болады. Қызанақтар ликопинге – актиоксидантқа бай, ол ағзаға бос радикалдармен күресуге көмектеседі.

Майлы балық: Қызыл балық, скумбрия, тунец, макрель, сардиндер – осы балықтарды сирек болса да, жеп тұру керек. Омега-3 қаныққан май осы балықтарда өте көп мөлшерде бар, оның миға қаншалықты пайдалы екенін бұрыннан білеміз.

Бүтін дәндерден жасалған өнімдер: Бүтін дәнді азықтар сізге қандағы қант теңгерімін бір деңгейде ұстауға көмектеседі. Бұл сіздің миыңызды құнарлы заттардың жетіспеушілігі қатерінен сақтайды. 

Брокколи: К дәрумені – бұл қырыққабатта кездесетін дәрумен. Ол адамға белсенді ақыл-ой процесстері үшін қажет.

Көк шәй: Катехин мен тианин – көк шәй құрамына кіретін антиоксиданттар. Бұл заттар ми қызметін ынталандырады, ой шоғырландыруды жақсартады, адамның сергек болуына мүмкіндік береді.

Қара қарақат: Қара қарақаттың құрамында С дәрумені бар. Бұл дәрумен бүкіл ағзаны әлдендіреді және мида жаңа нейрондық байланыстардың түзілуіне көмектеседі.

Баялды (баклажан): Баялдыда өте көп болатын антоцианиндердің – антиоксиданттардың арқасында, олар сізді склероздың мезгілсіз өріс алуынан сақтайды.