Untitled Document

Мақала... Әке асқар тау (1)

Америкалық құндылықтар институты тарапынан жарияланған "Fatherless America" (әкесіз Америка) атты еңбекте, кітаптың авторы Дэвид Бланкенхорн былай дейді: «Батыстықтар күн өткен сайын әкесіз қоғамға айналып барады. Бүгін Америкалық балалардың 40 пайызы әкелерінен бөлек өмір сүруде. Отыз жыл алдын бұл көрсеткіш 20 пайыз болатын. Бұл елде балалардың жартысынан көбі балалық шақтарын әкеден жырақ өткізуде. Қоғамда “бақытты баланың” азаюының ең басты себебі осы». Батыстық ғалымдар әлеуметтік келеңсіздіктердің негізгі себебін келесі буынды құрайтын балалардың үйлесімді отбасылық ортада өспеуінде деп болжауда. Басқаша айтқанда келеңсіздіктердің негізгі себебі: батыста әке статусының, әке беделінің құлдырауында деп тапшылайды. 1960 жылдары Америкалық отбасылардың 75 пайызы дерлік әке, ана, баладан тұратын. Бүгінгі статистика бойынша бұл көрсеткіш үштен біріне төмендеген. Бүгін 100 әйелден 30-ы әкесіз, яғни некесіз бала табуда. Зерттеу жүргізген жазушы Бланкенхорнның айтуынша бүкіл келеңсіздіктердің негізгі себебі бала өмірінен әкенің алшақтауы. Бала психологиясы тақырыбында зерттеу жүргізген Доктор Бенжамин Спок былай дейді: «XIX ғасырда және XX ғасырдың басында батыста әке-шеше, ата-әжеге құрмет, үлкендердің жасына, тәжірибелеріне құрмет ұстанымы отбасыға үйлесімділік беретін. Әке отбасының басшысы саналатын, әке осы міндетін салмақтылықпен атқаратын. Балалар үйдегі үлкендерді құрметтейтін. Ал бүгін тек анадан тұратын немесе тек әкеден тұратын отбасы тіршілігінде келеңсіздіктер көп. Қарттар құрмет көру былай тұрсын, олар адам құрлы саналуды үміт етеді.