Үй үшін... Практикалық мәліметтер
- Ірімшікті тоңазытқышқа ашық күйде қалдыруға болмайды. Ыдысқа немесе арнайы кленкаға орап қою керек.
- Тоңазытқыштағы жасыл көкеністерді жандандыру үшін жуып, ішіне бір ас қасығы лимон суы қосылған екі литрлік суда 10-15 мин ұстау керек.
- Бананды тоңазытқышқа емес, бөлме температурасында жел соқпайтын жерде сақтау керек.
- Пісірілген жұмыртқалардың қабығын оңай ашу үшін, ыстық судан алғаннан кейін дереу суық суға салып қою керек.
- Микротолқынды пештің ішін тазалау үшін ыдысқа жартылай су құйып аздаған лимон шырынын немесе сірке суын қосып қыздырыңыз. Содан кейін пешті ылғал шүберекпен сүртіп шығу керек.
- Жарты стақан мұсатырлы (нашатырь) спиртті түнге істемей тұрған духовкаға қалдырыңыз. Жабысқан майдың бәрі өзі түсіп қалады, тек сүртіп шығу керек болады.
- Егер ағаш тақтай қарайып, кірлеп кетсе, бетіне тұз сеуіп жарты лимонмен басып үйкелеңіз. Тазарған тақтайды сумен шайыңыз.
- Қарапайым ас содасы арқылы көптеген заттарды тазартуға болады. Мысалы кәстрөл мен табаның күйік қабатын кетіруге болады. Ол үшін жарты стақан сірке суына жарты стақан қант пен екі шай қасық сода қосыңыз. Алдымен кәстрөлге су мен сірке суының қоспасын құйып қайнатып алыңыз. Су мен сірке суының қоспасын төгіп тастаңыз да, түбін содамен тазартыңыз. Егер бәрібір қара дақтар қалған болса, су мен содадан жасалған пастаны жағып, біраз уақытқа қойып қойыңыз. Кейін мұқият жуыңыз.
-Ас содасымен тоңазытқышты да оңай тазалауға болады. Бір литр суға төрт шай қасық (толтырып) ас содасын салып, тоңазытқыштың сөрелерін жуып шығыңыз. Әрине, оның алдында тоқ қуатынан ажыратып алыңыз.