Денсаулық... Газды сусындар
АҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:
¨ Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.
¨ Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.
¨ Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.
¨ Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.
¨ Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.
¨ Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.
¨ Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.
¨ Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.
¨ Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.
¨ Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.
¨ Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.
¨ Жыныстық тұрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады.