Сұхбат... Парыз және нәпіл ғибадаттар
Адамның ахиретке иманмен кететіні немесе имансыз кететіні соңғы демінде белгілі болады. Сондықтан тәубе ету әрбір Мұсылманның бірінші міндеті болуы керек.
Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай бұйырады:
“Тәубе етіңдер. Тәубе ету арқылы құтыла аласыңдар!”
Бір кішкентай күнәны жасамаудың сауабы бүкіл ғаламның нәпіл ғибадаттарын орындаудан алатын сауабынан да артық. Өйткені нәпіл ғибадаттарды орындау парыз емес. Ал күнәлардан сақтану баршаға бірдей парыз. Парыздың жанында нәпіл ғибадаттар, теңіздің жанындағы бір тамшыдай болмайды.
Аллаһу та’аланың разы болған істері, “парыздар” және “нәпілдер” болып екіге бөлінеді. Нәпіл ғибадаттардың парыз ғибадаттардың жанында еш құны жоқ. Бір парыз орындау, уақыты өткен болса, дереу қазасын орындау, таза ниетпен мың жыл бойы нәпіл ғибадат жасаудан әлдеқайда абзал. Нәпіл намаз, садақа, нәпіл ораза, зікір ету және басқа да нәпіл ғибадаттардың бәрі де осындай. Мәселен зекет беру парыз болғаны үшін, бір алтын зекет беру, таулардың көлеміндей алтын садақа беруден әлдеқайда жақсы. Тіпті парыздарды орындағанда, бұл парыздың сүннеттерінен бір сүннетке және әдептерінен бір әдепке мән беру де осыншалықты өте пайдалы.
Расулуллаһ алейһиссалам: “Бір түйірдей (яғни өте аз) бір күнәдан қашу, бүкіл жындардың және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да жақсы” деп бұйырған.
Мұхаммед алейһиссаламға түйірдей мойынсұну, шаң данасындай оған бағыну, бүкіл дүние ниғметтерінен және бүкіл ахирет ләззаттарынан да үстем және қабыл болады. Әһли сүннет ғалымдарының, сол ұлы ғұламалардың және салих кісілердің кітаптарында білдірген дұрыс сенімінен, иманынан қылдай ауытқығандардың, қияметте азаптардан құтылуы мүмкін емес.