Сұхбат... Еңбек ету – ғибадат
Мұсылманның жұмыс істеуі – ғибадат. Өзінің және бала-шағасының напақасын (тамағы, киімі, тұратын жерін) қамтамасыз ете алатындай және қарыздарынан құтыла алатындай мөлшерде еңбек етуі парыз. Бірақ имансыз адамның жұмыс істеуі ғибадат болып саналмайды.
«Мен намаз оқымаймын, бірақ жұмыс істеймін. Ол да ғибадат» деп айту дұрыс емес. Намаз оқымайтын адамның жұмыс істеуі ғибадат болып саналмайды. Ешкімге мұқтаж болмау үшін жұмыс істеудің дінімізде маңызы зор.
Пайғамбарымыз “алейһиссалам” хазреті Муазбен қол алысып оған былай дейді:
– Ей Муаз, қолдарың күстеніп кетіпті.
– Иә, Расулаллаһ! Қолымда кетпен, топырақпен айналысып, осы арқылы бала-шағамның напақасын табамын,- дейді. Сол кезде пайғамбарымыз хазреті Муазды сүйіп:
Бұл қолдарды тозақ оты жақпайды.» дейді. (Тибйан)
Бір күні бір жас жігіт таңертең ерте жұмысына кетіп бара жатады. Кейбір сахабалар мұны жөн көрмейді. Сонда пайғамбарымыз: «Олай демеңдер! Егер ешкімге мұқтаж болмау үшін, ата-анасы мен бала-шағасын мұқтаж қылмау үшін жұмысына кетіп бара жатса, оның әрбір басқан қадамы ғибадат болып саналады. Егер тапқан табысымен мақтану, көңіл көтеру ниетінде болса, оның жолдасы шайтан болады.» деп бұйырады (Табарани)
Бұдан көргеніміздей мұсылман адамның жақсы ниетпен еңбек етуі ғибадат болып саналады. Ал кәпірлердің және әр түрлі күнә-харамдарды жасайтын адамдардың еңбектенуі ғибадат болмайды. «Намаз оқудың не қажеті бар? Еңбек ету де ғибадат емес пе?» деп айту үлкен қате. Бұлай деген адам кәпір болады. Бес уақыт намазын толық оқитын, харамдардан қашатын адамның жақсы ниетпен жұмыс істеуі ғибадат болып табылады. (К. Саадет)