Untitled Document

Пайдалы мәлімет... Ерте тұруға қалай дағдылануға болады?

Өз өміріңіздің қандай да бір аспектілерін өзгерткіңіз келе ме, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Онда ерте тұрудан бастаңыз. Бұл әдет сіздің өміріңізді өзгертіп, көптеген артықшылықтар бере алады. Ерте тұрған адамдар жігерлі әрі байсалды келеді. Төменде ерте ояну үшін кедергі болатын әдеттердің тізімін ұсынамыз:

- Жарым түнге дейін теледидар қарауды тоқтатыңыз. Ұйқыға дайындалу керек, сондықтан түнге қарай даурықтыратын эмоцияларды бастан өтізбеген абзал.

- Түнде жұмыс істеуді доғарыңыз. Таңертеңгілік тынық мимен атқарылатын жұмыс өнімдірек болады. 

- Жарым түнге дейін ғаламторда отыруды әдетке айналдырмаңыз. Ұйықтар алдында бір сағат бұрын компьютер мен барлық электрондық құрылғыларды өшіру керек. Электрондық құрылғылардан шығатын жасанды жарық ағзаны қоздырып, ұйқыға ықпал ететін гормон мелатониннің өндірісін баяулатады. Егер сізге смартфонды, планшетті немесе компьютерді ұйықтар алдында пайдалануға мәжбүр болсаңыз, экранның жарығын азайтыңыз немесе түнде экранның жарығын басатын қолданбаны пайдаланыңыз.

- Түстен кейін кофе ішуді доғарыңыз. Кофеин стимулятор болғандықтан ұйқыны бұзады. Зерттеулер бойынша ұйқыға дейін 6 сағат бұрын тұтынылған кофеин ұйқыны 1 сағатқа дейін азайтады екен. Тіпті  уақытылы ұйықтасаңыз да, бәрі-бір сіздің ұйқыңыз осы әдеттен зардап шегуін тоқтатпайтын көрінеді.

- «Кейінге қалдыру» батырмасын баса беруді тоқтатыңыз. «Кейінге қалдыру» батырмасын басып, тағы бес минутқа қалғи тұру ұйқыны қандырмайтыны анық. Ойланып қарасаңыз, мұның еш мәні жоқ. Оятқышты өшіріп қайта қалғып кету қаупі бар болса, өшіру үшін төсектен тұруға тура келетіндей етіп оятқышты бөлменің алыс бөлігіне қойғаныңыз жөн.