Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Жалқаулық (2)

Ерте жатып, ерте тұру қажет. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Таңертеңгілік ұйқы әлсіздік, жалқаулық, бостық және ұмытшақтыққа себеп болады.» (И. Мауәрди)

«Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады» (Бәйһақи) 

Ынталы, талапты, жігерлі болу қажет. Алдыңа үлкен мақсаттар қою керек. Істеп жатқан жұмысыңда қандай да бір кедергі пайда болғанда оны асып өтпестен, жеңбестен бір адымға да кері шегінбеу керек. Тез беріле салу да жалқаулықтың белгісі. Тайсалмау, кедергілерді жеңе білу еңбекқорлықты, еңбекке деген сүйіспеншілікті тудырады.  

1082 жылы жазылған «Кабуснама» атты насихаттар кітабында былай делінеді:

Қандай іспен айналыссаң да жалқаулыққа жол берме. Жалқау болудан ұял. Жалқаулық бақытсыздықтың басы. Әр ісіңе еңбегің сіңсін. Маңдай термен, еңбекпен атқарылған істің соңы жалқаулықпен атқарылғаннан әлдеқайда жақсы. Өйткені еңбек, іс-әрекет неғұрлым көбейген сайын, жалқаулық та соғұрлым азая түседі. Обал емес пе, бір мезеттік еңбектен түсетін өнімді, жалқаулық салдарынан қолдан жіберу. Олай болса қол қусырып отыру ақылдың ісі емес. Әйтпеген жағдайда мұқтаждық ішінде өмір сүресің. Мұқтаж жағдайға түскеннен кейін «Қап, әттеген-ай, еңбектенуім керек еді, жалқаулық етпеуім керек еді» деудің, өкінудің пайдасы болмайды. 

Еңбегің зая кетпейтіндей түрде еңбектен, өйткені еңбегіңнің нәтижесін өзің жейсің. Сенде құнды нәрсе бар болып, біреу сенен оны сұраса, егер лайықты адам болса одан оны есіркеме. Өйткені не де болса адам мазарға ешнәрсе алып кете алмайды. Жаратуыңды табысыңа қарай ретте, кедейлік алауы саған жол таба алмасын. Қолыңдағы барға разы бол, өйткені қанағат екінші байлық. Байқа, ашкөзді болма. Өйткені саған жүк болатын нәрсе қайда болсаң да жеткілікті.