Өлең... Оян (1)
Ішімдегі бұрқыраған шерім бар,
Түрлі дертпен арпалысқан елім бар.
Наразы боп ата бабам жатқанын,
Айтайын деп бекем бүккен белім бар.
Дерт дегеннің ең үлкені арамдық,
Ағайынын көре алмаған сараңдық.
Алаяқтық сініп кеткен бойына,
Естен шығып ұмытылған адамдық.
Ақша деген көзді тірі байлаған ,
Есіл дерті тек ақшаны ойлаған.
Бала сатып ,құлға айналған сол үшін
Сол күнəсін жетістік деп тойлаған.
Бір қайғымыз педофилдер қаптады,
Заңды ұқпады ,белшесінен таптады.
Көкте Тəңір қарап тұрғой демеді
Аямады,көрге қадам аттады.
Енді бірі өгейліктің қорлығы,
Білдірмейтін,қылмыстық ең зорлығы.
Өзіңдікін өзге біреу сөйтсе егер
Басқаша боп көрінерме барлығы.
Құл қылдырған үлкен кіші ,сеніде,
Үнсіз ғана баурап алды меніде
Әлеуметтік желі деген осындай
Жоқ қой оның дауасымен емі де.
Құрттай бала қалай қосу біледі
Ашып алып бар жанымен күледі.
Қайдан білсін балапаным ол тұзақ
Кіріп алып миды соғып тіледі.
Жетім бала жесір әйел көбейді
Еркектігін алиментпен өтейді
Отбасының құндылығы ұмыт боп,
Жат əке мен "мамам"деді өгейді.
Теледидар ашып қалсаң таласың,
Көкек ана тастап жүрген баласын
Қоқыс жəшік осы күні бесік боп,
Кеткеніне тек жасаурап қаласың. (Жалғасы ертең...)