Ғибрат... Ханнас есімді шайтанның міндеті
Ібіліс бір күні қызметшілерін шақырады: «Араларыңнан ең үлкен жамандық, фитна шығартқаныңды көсем етемін, менің құзырымдағы ең жақын, беделі ең жоғары сол болады» дейді. Ібілістің қызметшілері біраздан соң қайтып келіп, есеп бере бастайды. Біреуі намазын бұздырдым десе, жарайды депті. Біреуі оразасын бұздырдым десе, оған да жарайды депті. Харам жегіздім дегеніне де жарайды депті. Басқа біреуі күйеуімен әйелін араздастырдым дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, бәрекелді, жарайсың деп, маңдайынан сүйіп, ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады, қайыры қалмайды деген екен.
Хусейн Хилми хазреттері былай деген: «Бұл шайтанның есімі Ханнас. Ханнастың міндеті отбасы ішінде, бауырлар арасында, туыстар арасында, жұмыс орнында, жора-жолдас арасында араздыққа себеп болу. Яғни Ібіліс аразтастыру үшін Ханнас есімді шайтанды міндеттеген.» Нас сүресінде былай делінген: «Оларға айт. Мен адамдардан және жыннан, адамның көңіліне уәсуәса беретін Ханнас деген шайтанның жамандығынан адамдардың Раббысына сыйынамын.» Хусейн Хилми хазреттері «Аллаһуммә инни а’узу бикә мин хамазатиш-шәйтанин» дұғасын таңертең және кешке оқып жүру керектігін айтқан. Мағынасы: «Йа Раббым, шайтандардың (ібіліс, нәпістің және жаман адамдардың) жамандығынан саған сыйынамын» дегенді білдіреді.
Әрдайым сақ жүру керек, шайтан мен нәпсінің азғыруына, ешкіммен араздасуға жол бермеу керек.